Петропавлда облыстық бейнелеу өнері музейінде жерлесіміз белгілі суретші, өнер жанашыры Шерияздан Қажымұратұлының шығармашылығына арналған көрме ашылды. Өмірін өнерге арнаған тұлғаның еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Бейнелеу өнері музейінде ашылған көрмеге суретшінің әр кезеңде салған портреттері мен туындылары қойылды. Іс-шараға қала тұрғындары, өнер колледжінің студенттері, кәсіби суретшілер және қыл қалам шеберінің туыстары қатысты. Шерияздан Қажымұратұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы оның көзін көрген замандастары ерекше ықыласпен еске алды.
СНХР: СЕРІКБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, ЗАМАНДАСЫ
Шерияздан Қажымұратұлы 1931 жылы Жамбыл ауданы, Баян ауылында дүниеге келген. Жастайынан сурет өнеріне қызығып, Алматыдағы көркем-сурет училищесінде білім алған. Алайда отбасылық жағдайға байланысты ауылға оралып, шығармашылығын туған жерінде жалғастырады. Ол тек сурет салып қана қоймай, ауылдың мәдени өміріне белсене араласып, театр қойылымдарына қатысып, костюмдер дайындап, өнердің дамуына үлес қосты.
СНХР: АЯН ҚАЖЫМҰРАТОВ, ШЕРИЯЗДАН ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕСІ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер өңірдегі өнердің дамуына серпін беріп, жас суретшілерге шабыт сыйлайды. Шерияздан Қажымұратұлының шығармашылығы – ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып қала бермек.