«Қазгидромет» СҚОФ мәліметінше өткен тәулікте Ольшанко ауылы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 49 см көтерілген. Долматова ауылында 36 см артқан. Новоникольское және Новокаменка ауылдары маңында 25 см көтерілген. Сергеевка су қоймасында су деңгейі 5 см төмендесе, Петропавлда керісінше 31 см артқан. Гусаковка маңындағы Бабық бұрлық өзенінде 13 см азайған, Чистополье ауылы маңындағы Аққанбұрлық өзенінде 12 см төмендеген. Сергеев су қоймасындағы судың бөгеттен асу деңгейі 66 сантиметрді құрайды.