Түнгі сағат 3 шамасында Петропавл қалалық полициясына бірнеше хабарлама келіп түсті. Қала тұрғындары белгісіз азаматтың «BMW» автокөлігінде Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы супермаркеттердің бірінің маңында қауіпті маневрлер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындардың мазасын алғандығын айтқан.
Полицейлер Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесінде тұратын тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзған экстремалды жүргізуді ұнататын 18 жастағы азаматты анықтап, жауапкершілікке тартты.
Түнгі сағат 03:00 шамасында полицияға қоңыраулар келіп түскен. Қала тұрғындары белгісіз азаматтың «BMW» автокөлігін басқарып, жаяу жүргіншілер көшесінде, супермаркеттердің бірінің маңында қауіпті маневрлер жасағанын хабарлаған. Экстремалды жүргізуді ұнатушының түнгі әрекеттері бейнебақылау камераларымен қатар, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның телефонына да түсірілген.
СНХР: СЕРІК ӘЛЖАНОВ — ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Тәртіп сақшылары Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын айналасындағылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын құрметтеуге, сондай-ақ жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.