Жаттықтырушы мамандығы – күрделі, жауапкершілігі жоғары әрі жан-жақты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оларға бар білімі мен тәжірибесін үйрететін маман олардың спорттағы жетістігіне зор үлес қосады. Осындай білікті ұстаздардың бірі Kozybayev University-де еңбек етеді.

Сергей Владимирович Гоненко – «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі. Ол спортқа бала кезінен қызығып, акробатика, баскетбол, үстел теннисі сынды бірнеше спорт түрімен айналысқан. Солтүстік Қазақстан университетінде білім ала жүріп, полиатлоннан спорт шебері атанды. Оқуын аяқтаған соң, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы ретінде еңбек жолын бастады.

СЕРГЕЙ ГОНЕНКО – «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Үстел теннисі – тиімді кардио жүктемелердің бірі. Бұл ойын барлық бұлшықет топтарын жұмысқа қосады. Әлем бойынша ең танымал 10 спорт түрінің қатарына еніп, 900 миллионға жуық жанкүйерді біріктіреді.

СЕРГЕЙ ГОНЕНКО – «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Спорттық қызметпен қатар, Сергей Владимирович ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Оның ғылыми жобалар қоржынында дене шынықтыру тақырыбындағы ғылыми мақалалар мен жүзу бойынша оқу құралы бар.