Кадрлық ауыс-түйіс. Өңір жетекшісі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке Дархан Марденұлы Хайруллин тағайындалды.
Дархан Хайруллин Омбы қаласының тумасы. Ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін және «Әділет» жоғары құқық мектебін агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы «экономика және менеджмент», сондай-ақ «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын сот орындаушысы қызметінен бастаған. Әр жылдары Ақмола облысы сот әкімшілігінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде кеңесші, бөлім басшысы, хатшылық меңгерушісі және басшының орынбасары лауазымдарын атқарған.