ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, «AMANAT» партиясының цифрлық комиссары Екатерина Смышляева мен Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның өңірге сапары аясында мазмұнды кездесулер өтті. Қатысушылар алдымен «Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі – цифрлық мемлекеттің құқықтық негізі» тақырыбындағы ашық дәріске қатысты. Мұнда заман талабына сай заңнамалық базаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі елдегі цифрлық ортаны, электронды үкіметті және цифрлық экономиканы реттеудің біртұтас жүйесін қалыптастырады. Құжат цифрлық мемлекеттің құқықтық негізін бекітіп, деректерді басқару, платформалық шешімдерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Цифрлық заңнаманың басты мақсаты - мемлекет пен қоғам мүддесі үшін қауіпсіз әрі тұрақты цифрлық орта қалыптастыру. Жаңа ережелер барлық саланы цифрлық трансформациялауға құқықтық негіз болып, бұл бағытқа инвестиция тартуға жол ашады.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Жиынға қатысушылардың басым бөлігін студенттер құрады. Іс-шара еркін пікір алмасуға негізделген ашық форматта өтті.