«Ботай» арт-галереясында «Жүйрік инелер» кестешілер клубының «Махаббат» атты көркем кесте көрмесі өтті. Заманауи көркем кесте өнері арқылы клуб қатысушылары романтикалық және адал, нәзік әрі сезімтал, мейірімді, қамқор және тұрақты махаббатың сан қырлы бейнесін ашты.

Көрме Қазақстандағы Ғашықтар күніне орай ұйымдастырылды. Бұл мереке жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. «Жүйрік инелер» клубы 2021 жылы құрылған. Содан бері бұл - қолөнер шеберлерінің жетінші көрмесі. Биыл 14 шебер өздерінің 34 бірегей жұмысын көпшілік назарына ұсынды.

СНХ: ВАЛЕРИЯ ДМИТРИЕВА, «ЖҮЙРІК ИНЕЛЕР» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Махаббат тақырыбы көркем туындыларда әртүрлі символдар мен бейнелер арқылы кеңінен көрініс тапқан. Онда жұптасқан жануарлар мен құстар, ғашық жандардың бейнесі, сондай-ақ қамқорлық сәттері шебер суреттелген. Сонымен қатар, табиғат мотивтері арқылы сезімнің тереңдігі мен үйлесімі айқын жеткізілген. Клуб мүшелерінің айтуынша, бір туындыны жасауға кейде 3 жылға дейін уақыт кетеді екен.

СНХ: ӘЛИЯ АРҒЫНБАЕВА, «ЖҮЙРІК ИНЕЛЕР» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ

Көрме көркем кесте өнерін қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің өзекті бағыты ретінде кеңінен насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар ол әйелдер шығармашылығын қолдап, ұлттық дәстүрлерді заманауи көркем тілмен үйлестіре отырып дамытуға ықпал етеді.