Құтқарушылар күн сайын ең күрделі, экстремалды жағдайлармен бетпе-бет келеді. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда – құрлықта да, суда да, әуеде де жұмыс істеуге дайын. Адам өмірін сақтауға кинологиялық топтағы қызметтік иттер де көмектеседі. 

Сергей Ящук кинологиялық қызметте 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолы шекара әскерінде басталған. Кейін кеден саласында қызмет етіп, өңірдегі есірткі қылмысына қарсы күрескен. Бұл істе оған тәрбиелеген иттері көмектесті – олар тыйым салынған заттарды лезде анықтай алатын. Зейнетке шыққан соң да жүрек қалауындағы ісін тастай алмай, кәсіби жолын Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД кинологиялық тобында жалғастырды.

СНХ: СЕРГЕЙ ЯЩУК – СҚО ТЖД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ТОБЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ

Қызметтік ит бірқатар дағдыларға ие болуы тиіс. Ол жетекшісінің бұйрығын мүлтіксіз орындап, шапшаң әрі епті болуы керек. Ашық ортада да, техногендік апат жағдайында да адамды іздей алуы шарт. Мәселен, бірнеше жыл бұрын жергілікті жылу электр орталығында мұржа құлаған кезде, Айк үйінді астында қалған адамдарды тапқан. Бұл – кинологтың қажырлы еңбегінің, мол тәжірибесінің және Сергей Ящуктың жануарларға деген шынайы сүйіспеншілігінің нәтижесі.

СНХ: СЕРГЕЙ ЯЩУК – СҚО ТЖД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ТОБЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ

Кинологиялық топ қатарында көбінесе бельгиялық овчарка – малинуа, лабрадорлар мен спаниельдер кездеседі. Олар кинологтардың қарауына түскен сәттен бастап, төрт аяқты құтқарушыларға адамдарға деген достық қарым-қатынас қалыптастырылады.