Цифрландыру – білім беру саласында да қарқынды дамып келеді. Бүгінде заманауи технологиялар оқу үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіздік пен тиімділікті де арттыруда. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – осы бағытта озық тәжірибені енгізген білім ордаларының бірі.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу үдерісі толықтай цифрландырылған. Мектепке кірген сәттен бастап жүйе автоматты түрде іске қосылады. Оқушылар турникеттен Face ID жүйесі арқылы өтіп, олардың келіп-кету уақыты деректер базасына тіркеледі. Бұл – қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, оқу тәртібін бақылаудың тиімді тәсілі.

СНХР: ӘДІЛБЕК ИСМАГУЛОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Білім беру процесінде де заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Әр кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған. Оқушыларға арналған ноутбук пен планшеттер сабақ барысында тиімді пайдаланылуда. Сабақтан тыс уақытта балалар интернетке қосылған смарт-аймақтарда өз бетімен білімін жетілдіре алады.

СНХР: ӘДІЛБЕК ИСМАГУЛОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Назарбаев Зияткерлік мектебіның 11-сынып оқушысы Әлихан Жұмабек Астана қаласында өтетін World Robot Olympiad республикалық кезеңіне қызу дайындық жүргізуде. Жас өнертапқыштың ғарыш технологияларынан шабыт алған. Жобаның басты мақсаты — Марс бетін зерттеуге арналған құрылғыны жетілдіріп, оның өздігінен бағыт алып, жаңа аумақтарды игеруіне мүмкіндік беру.

СНХР: ӘЛИХАН ЖҰМАБЕК, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЫҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Сондай-ақ, мектеп Microsoft компаниясымен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Оқу процесінде Microsoft Teams, Office 365 секілді платформалар белсенді қолданылады. Айта кету керек, пандемия кезінде осы мектептің ұстаздары онлайн оқыту жүйесін алғашқылардың бірі болып меңгеріп, өз тәжірибелерін өңір және республика көлемінде бөліскен. Осылайша, цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы мектеп білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп отыр.