Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Ботай» этно-пластикалық қойылымының премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Ерекше форматтағы туындыны тамашалауға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы келіп, өнер ұжымына сәттілік тіледі.

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында өткен «Ботай» этно-пластикалық қойылымына облыс әкімі Ғауез Торсанұлы арнайы келіп тамашалады. Өңір басшысы өнер ұжымының еңбегіне қолдау білдірді. Көрермен назарына ұсынылған туынды адам мен табиғаттың байланысын бейнелейтін терең мазмұнды этно-пластикалық қойылым. Шығарма желісі бойынша Күн мен Жер ана әлемге бір мезетте адам баласы мен киелі бие рухынан туған құлын сыйлайды. Екі тағдыр қатар өрбіп, адам Жердің үнін тыңдауды үйренсе, Желқанат адамның тынысын сезінуді меңгереді. Достықпен басталған байланыс уақыт өте сынақтарға ұласып, кейіпкерлер жаңа мекен іздеуге мәжбүр болады.

СНХР: ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Қойылымның шығармашылық тобы да мықты мамандардан құралған. Режиссер-хореограф әрі инсценировка авторы – Анна Цой, көркемдік жетекші – Ольга Ростовщикова, драматург – Қолғанат Мұрат. Сценография мен костюмді Антон Болкунов әзірлесе, музыкалық сүйемелдеуді композитор Нұрсұлтан Төреәлі жазған. Ал жарық режиссері Арсений Макаров сахналық атмосфераны айшықтап, қойылымның әсерін күшейте түсті.

СНХР: МАКСИМ ПАХАРУКОВ, «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

Спектакльде драма әртісі Жанболат Қонысбек те өнер көрсетті. Ол бұл жолы сахнада пластика тілі арқылы алғаш рет образ сомдап көрді. Әртістің айтуынша, бұл формат – ол үшін жаңа тәжірибе әрі шығармашылық ізденістің бір бағыты.

СНХР: ЖАНБОЛАТ ҚОНЫСБЕК, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

Ерекше қажеттілігі бар және кәсіби бишілерден құралған ұжым пластика тілі арқылы көрерменге терең эмоция сыйлап, қойылым мазмұнын әсерлі жеткізді. Айта кетейік, 29 сәуір күні бұл театр «Тыныштық және мен» атты 20 жылдық мерейтойына арналған есеп беру кешін өткізуді жоспарлап отыр.