«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі сенбілікке еңбек ұжымдары, қоғам белсенділері мен жастар кеңінен атсалысты. Қаланың тазалығына бейжай қарамайтын тұрғындар Петропавл көшелері мен саябақтарын, гүлзарларын ретке келтіруге шықты.

Қалалық саябақ – көпшілік демалатын орындардың бірі. Сондықтан оның таза әрі жайлы болуы – ортақ міндет.

МҰСА ӘУБӘКІРОВ - СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Сенбілік барысында ашық микрофон, интерактивті шаралар және тақырыптық ойындар өтті. Оқушы Батырхан Қалел саябаққа жүгіруге келіп, белсенділер қатарына қосылып, тазалық жұмыстарына да үлес қосты.

БАТЫРХАН ҚАЛЕЛ - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қоғамдық жұмыстарға қатысуды насихаттау басты назарда.