Музыкалық аспаптардың күйін келтіруші – кәсіби шеберлікті талап ететін сирек мамандықтардың бірі. Бұл сала музыкалық есту қабілеті мен техникалық дағдыларды ұштастырады. Шебер тек ішектердің үнін реттеп қана қоймай, аспаптың механизмін баптайды, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Мұндай мамандық бірегей саналады, ал білікті шеберлер өте аз.
Андрей Слезконың жұмысы ерекше – ол музыкалық аспаптардың үні таза әрі дұрыс шығуына жауап береді. Негізгі мамандығы – оқытушы, концерттік орындаушы. Сонымен бірге ол тағы бір кәсіпті қатар меңгерген.
СНХР: АНДРЕЙ СЛЕЗКО - ФОРТЕПИАНО МЕН РОЯЛЬДІҢ КҮЙІН КЕЛТІРУШІ
Аспаппен жұмыс істеу бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Әсіресе әр перненің дыбысын баптау оңай емес: олардың көбінде үш ішек болады, әрқайсысын бір үнге келтіру қажет. Бұрын әр музыкант өз аспабын өзі күйге келтірген, – дейді маман.
СНХР: АНДРЕЙ СЛЕЗКО - ФОРТЕПИАНО МЕН РОЯЛЬДІҢ КҮЙІН КЕЛТІРУШІ
Жұмыс барысында Андрей Анатольевич сегіз қырлы арнайы кілт пен камертон қолданады. Мамандардың айтуынша, акустикалық аспаптың дыбысына жыл мезгілі де әсер етеді. Қыста ағаш кеуіп, тарылып, дыбыс төмендейді. Жалпы, кез келген музыкалық аспап күтімді қажет етеді. Күтім болған жерде, музыка үні да әдемі естіледі.