М. Жұмабаев ауданында IT саласы мен 3D-модельдеуден бастап, дрондар мен киберспортқа дейінгі бірнеше бағытты біріктіретін заманауи «MAGZHAN CREATIVE & IT CENTER» орталығы ашылды. Бұл — Солтүстік Қазақстан облысындағы тоғызыншы аудандық IT-орталық. Қонақтарға алаңның мүмкіндіктері таныстырылып, түрлі тақырыптық аймақтар көрсетілді. Іс-шараның құрметті қонағы Мәжіліс Парламентінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, «AMANAT» партиясының цифрлық комиссары Екатерина Смышляева болды. Жаңа орталық аудан тұрғындарын несімен қуантты?
Булаев қаласында «MAGZHAN CREATIVE & IT CENTER» есігін айқара ашты. Жаңа алаң цифрлық және креативті индустрияны дамытуға мүдделі билік өкілдері, сарапшылар мен тұрғындардың бас қосатын орнына айналды. Қонақтарға орталықтың жұмысы таныстырылып, интерактивті аймақтар көрсетілді. Соның бірі — ұшқышсыз ұшу аппараттары аймағы. Мұнда дрондарды басқару, аэрофототүсірілім және жергілікті жердің цифрлық картасын жасау үйретіледі. Мұндай технологиялар қазірдің өзінде агроөнеркәсіп секторында қолданылуда, сондай-ақ ТҮКШ саласында да пайдалануға болады.
СНХР: МАРАТ ТАШМЕТОВ – «АЛТЫН АСТЫҚ 2050» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Орталықтың мүмкіндіктерін жергілікті тұрғындар да жоғары бағалады. 3D-принтинг аймағында ауыл шаруашылығы техникасына қажетті бөлшектер дайындала бастады. Егер бұрын тапсырыс берілген бөлшекті апталап күту керек болса, енді қажетті элементтерді облыс орталығына бармай-ақ, бірнеше сағаттың ішінде алуға болады.
СНХР: РАМАЗАН ҚҰНАЕВ – БУЛАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
IT-аймақта деңгейі әртүрлі қолданушылар үшін сабақтар қарастырылған. Мұнда заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеу, соның ішінде білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолдану үйретіледі.
СНХР: ВИКТОРИЯ КОЖЕГУЛОВА – ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ
Жастар үшін басқа да креативті бағыттар ашық — орталықта Game-зона мен виртуалды шындық кеңістігі жұмыс істейді. «SKO Hub» резиденттерінің жетекшілігімен қатысушылар геймдев және 3D-визуализация саласында өз жобаларын жасай алады. Жоспар бойынша — бір жыл ішінде балаларды жеке ойындарын әзірлеуге баулу көзделген.
Медиа-аймақта «Digital Aimaq» жобасы таныстырылды. Бұл — аудандық IT-орталықтар желісін құру бойынша өңірлік бастама. Жоба цифрлық құзыреттілікті дамытуға, жастар бастамалары мен кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ өңірде бірыңғай креативті экожүйені қалыптастыруға бағытталған.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін бірегей деп атады, себебі басқа өңірлерде IT-хабтар тек облыс орталықтарында ғана бар. Оның айтуынша, мұндай тәжірибені ауқымдандыру және басқа өңірлермен бөлісу қажет. Петропавлда үздік тәжірибелермен бөлісу үшін аймақ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілуі мүмкін.
СНХР: ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОМИССАРЫ
Бүгінде бұл — Солтүстік Қазақстан облысындағы тоғызыншы аудандық IT-орталық. Мұндай алаңдар барлық 13 ауданда ашылады. Сонымен қатар, Есіл ауданында заманауи техникалық жабдықталған үш ауылдық орталық жұмыс істеп тұр. Жобаның басты міндеті — жастардың туған өңірінен кетпей-ақ дамуына және өз идеяларын жүзеге асыруына жағдай жасау.