Өңірімізде инженер-ұстаз домбыраның ерекше түрін ойлап тапты. Ең қызығы – ол бұл жаңашыл жобада жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданған. Нәтижесінде ұлттық аспапты үйрену бұрынғыдан да жеңіл әрі қолжетімді бола түсті. 

Бұрын инженер болған Берік қазір математика мен информатика пәндерінен сабақ береді. Ол өзінің техникалық білімін ұлттық өнермен ұштастырып, осындай ерекше жобаны жүзеге асырған.Атақты күйші Дина Нұрпейісованың есімі берілген заманауи домбыра арқылы оқушылар бірнеше туындыны оңай меңгере алады. Олардың қатарында Әнұран, «Көзімнің қарасы», «Кузнечик» және «Би күйі» бар.Бұл әдіс үйренушілерге аспапты ең бастапқы деңгейден игеруге мүмкіндік береді. Ал арнайы шамдар бағыт-бағдар беріп, өнерпаздың орындау шеберлігі мен жылдамдығын арттыра түседі.

СНХ: БЕРІК АМАНЖОЛ, У.М. АХМЕДСАФИН АТЫНДАҒЫ СОВЕТ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Өздігінен үйренуге мүмкіндік беретін бұл аспапты оқушылар үйлеріне апарып жаттыға алады. Жалпы, оқушылар домбыраны небәрі 2–3 күннің ішінде тартып кетеді. Қызығушылық білдірушілердің қатарында мектеп ұстаздары да бар.

СНХ: ЕКАТЕРИНА СЕРБИНА 9 – СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Бұдан бөлек, ұстаздың жетекшілігімен тағы бірқатар жоба іске асып жатыр. Соның бірі – жасанды интеллект арқылы жасалған шахматтық тренажер. Ол ойын барысында әр қадамды талдап, дұрыс жүрістерді көрсетеді және үйренушіні бағыттап отырады.

СНХ: ЕРЛАН ҚҰДАЙБЕРГЕН, 8 – СЫНЫП

Берік Аманжол технологиялық жобасын патенттеп алған. Алдағы уақытта ол ерекше домбыра арқылы үйренуге болатын туындылардың санын арттыруға және шәкірттерін көбейтуге ниетті.