Петропавлда Kozybayev University базасында көрнекті ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Қозыбаев оқулары - 2026: Болашақ экожүйесі, технологиялар мен адам капиталын дамытудың синергиясы» атты ауқымды жиын ғылым, технология және адам капиталын дамыту мәселелерін талқылауға арналды.

Іс-шара М. Қозыбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Ғылыми басқосу аясында «Тарихтың тарланбозы» атты көрме ұйымдастырылып, қатысушылар Манаш Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасымен танысты. Дәстүрлі түрде конференция 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр.

СНХР: БОТАГӨЗ ҚОЖАБЕКОВА – М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ТАРИХИ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Ғалым отандық тарих ғылымының дамуына зор үлес қосып, тарихи үдерістерді объективті зерттеуді басты ұстаным етті. Оның еңбектері тәуелсіз Қазақстанның тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Бүгінгі жиынға әкесінің жолын қуып, өмірін тарих ғылымдарына арнаған Ілияс Манашұлы да қатысты.

СНХР: ІЛИЯС ҚОЗЫБАЕВ - ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, М. ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ҰЛЫ

Манаш Қозыбаев тәуелсіз Қазақстанның идеологиясын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Бүгінгі халықаралық конференция көрнекті ғалымның рухына тағзым етіп, оның ғылыми мұрасын дәріптеуге және жалғастыруға мүмкіндік берді. «Қозыбаев оқулары» – ғылыми сабақтастықты жалғап, жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беретін маңызды алаң болып қала бермек.