2026 жылғы 10 сәуір таңғы сағат 8:00-дегі мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысындағы су нысандарындағы жағдай келесідей.

Новоникольское ауылы маңында су деңгейі бір тәулікте 72 см көтерілді. Покровкада – 61 см, ал Долматово маңында – 68 см артқан. Петропавл су қоймасындағы су деңгейі де 8 см жоғарылады. Ал Сергеев су нысанында, керісінше, су деңгейі 9 см төмендеген. Гидролог мамандардың болжауынша, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейі алдағы уақытта да көтерілуі мүмкін.