Өңірге жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, «AMANAT» партиясының цифрлық комиссары Екатерина Смышляева мен Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун қаладағы креативті орталықта болды. Меймандар орталықтың жұмысымен танысып, креативті хабтың әлеуетін бағамдады. Экскурсия барысында инновациялық жобалар таныстырылып, өңірдегі цифрландыру деңгейі пысықталды.

Алдымен делегацияға шынжыр табанды бірегей өрт сөндіру роботы таныстырылды. Төтеншеліктер мен зауыт мамандарының бұл жобасы қауіпті аймақтарда қашықтан жұмыс істеуге арналған. Технология өрт сөндіру уақытын қысқартып, адам шығыны қаупін айтарлықтай төмендетеді. Отандық өнімнің мүмкіндіктерін жоғары бағалаған жұмыс тобы мұндай цифрлық шешімдерді өндіріске кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті.

ЖАНАТ ҚАПАРОВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тарихи нысанның әр бөлімі бүгінде шығармашылық ортаға айналған. Онда ойы ұшқыр жастар өз туындыларын шыңдай алады. Делегация мүшелері ерекше жұмыстарымен көпшілікті тамсандырып жүрген танымал дизайнердің шеберханасымен танысты. Мұндағы әр туынды заманауи стиль мен ұлттық нақыштың үйлесімін паш етеді. Бұдан соң меймандар стартаптар аллеясын аралады. Мұнда жастар өздерінің цифрлық жобалары мен инновациялық идеяларын таныстырды.

ГҮЛСАНА НАЗАРБЕКОВА, ГЕНЕРАТИВТІ ЖИ ЗЕРТТЕУШІСІ, "ҒЫЛЫМ-АЛАҚАНДА" АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫ

Сапар барысында орталықтағы әрбір жоба егжей-тегжейлі таныстырылып, меймандар өңірдегі инновациялық бағыттардың барысына қанықты. Креативті орталықтың жұмысын көрген меймандар өңірдегі цифрлық бастамалардың барысын назарға алды.