Елімізде халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бұл бастама тек демографиялық теңгерімді сақтауға ғана емес, елді мекендерді қайта жандандыруға да мүмкіндік беруде. Соның айқын дәлелі – М. Жұмабаев ауданындағы Сулышоқ ауылы. Кезінде қаңырап бос қалуға шақ қалған елді мекен бүгінде жаңа тыныс алып, тіршілігі қайта жанданды.
Кезінде қаңырап бос қалуға шақ қалған Сулышоқ ауылында бүгінде тіршілік қайта оянғандай. Арада он жыл өткенде елді мекенге жан бітіп, мұнда 250-ге жуық адам тұрақтады. Тұрғындардың тең жартысы – оңтүстіктен қоныс аударғандар. Солардың қатарында Сарагүл Сарсенқұлқызы да бар. Жұбайы екеуі бес баласымен, осы өңірге көшіп келген.
СНХР:САРАГҮЛ БЕЙСЕБАЕВА, УСПЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Сарагүл Бейсембаеваның айтуынша, жерсінудің алғашқы кезеңі оңай болмаған. Жаңа орта, бөтен адамдар, туған жерге деген сағыныш – бәрі де әсер еткен. Дегенмен уақыт өте келе жаңа өмірге бейімделіп, үлкен отбасыға айналған. Бүгінде олар тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Оның төртеуі – асырап алынған балалар. Батыл қадамға баруға алғаш болып жұбайы ұсыныс білдірген.
СНХР:САРАГҮЛ БЕЙСЕБАЕВА, УСПЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ағайынды төрт баланың ішінде егіздердің бірі – Маргарита әдебиетке ерекше жақын. Ол мәнерлеп оқу байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мағжан Жұмабаевтың 30-ға жуық өлеңін жатқа біледі.
СНХР: МАРГАРИТА ЕРНАЗАРОВА, ҚЫЗЫ
Сарагүлдің отбасының үлгісі өзгелерге де әсер етті. Олардың ізімен туған бауырлары да өңірге қоныс аударып, бүгінде осы жерде тұрақтап қалған.
СНХР: СӘУЛЕ НҰРСЕЙІТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
ЖАҚСЫКҮЛ НҰРСЕЙІТОВА, ЗЕЙНЕТКЕР
Бұрын ұстаз болған кейіпкеріміз бүгінде Успен ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады. Қазіргі лауазымында соңғы екі жылдан бері еңбек етіп келеді. Айта кетейік, жалпы «Оңтүстіктен солтүстікке» бағдарламасы аясында М. Жұмабаев ауданына 66 отбасы қоныс аударған.