Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында және академик Манаш Козыбаевтың 95 жылдығына орай Kozybayev University-де екі жаңа ғылыми орталық ашылды. Оның бірі - «ХХ ғасыр басындағы Қызылжар байлары» тарихи кабинеті, екіншісі – шекара маңы өңірлерінің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі стратегиялық зерттеулер орталығы. Жоба өңір тарихын тереңірек зерделеуге және оның тұрақты дамуына қажетті ғылыми шешімдер әзірлеуге бағытталған.

«ХХ ғасыр басындағы Қызылжар байлары» кабинетін ашудағы басты міндет өңір тарихына қатысты мұрағаттық деректерді сақтау, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу. Сонымен қатар тарихи білімді кең аудиторияға түсінікті форматта жеткізу көзделген. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты арқылы, 29 млн теңгеден астам қаржыландырумен жүзеге асырылып отыр.

СХРН: ӘСЕМГҮЛ ТЕМІРХАНОВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Тарихи кабинеттің маңыздылығы туралы Kozybayev University профессоры Анатолий Плешаков айтып берді. Оның сөзінше, кабинет өңір тарихының аз зерттелген беттерін жүйелеуге, жаңа ғылыми зерттеулер жүргізуге және студенттер мен жас ғалымдарды тарихи деректермен жұмысқа тартуға мүмкіндік береді.

СНХР: АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ

Шекара маңы өңірлерінің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін зерттейтін Стратегиялық ғылыми орталық та ашылды.

СНХР: ДАНИЯР ӘБУТӘЛІПОВ, ЖОБАНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Жаңадан ашылған орталық азық-түлік нарығындағы үрдістерді талдау, болжау, мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ ғылыми жарияланымдар мен әдістемелік материалдарды әзірлеумен айналысатын болады.