Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде петропавлдық суретші Виталий Жуковтың сурет көрмесі өтті. Көрмеде аралас стильдер, графикалық кескіндеме, пейзаж сияқты бағыттар қамтылған 26 туынды қойылған. Бұл картиналарда уақыт пен өнердің үндестігін айқын айшықтаған. Көрмені Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты — көрерменді туған қаламыздың заманауи жас суретшілерінің шығармашылығымен таныстыру. Сонымен қатар, бұл жоба өңірлік өнердің даму бағытын айқындап, көркем ойдың жаңа қырларын көрсетуге мүмкіндік береді. Виталий Жуковтың түсінігінде кескіндеме — ішкі философиялық тұжырымның сыртқы көрінісі ғана.

СНХР: ВИТАЛИЙ ЖУКОВ, СУРЕТШІ

Сонымен қатар, іс-шара аясында Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі директорының орынбасары Еркен Шалкенов сөз сөйлеп, суретшіге алғыс хат табыстап, шығармашылық табыс тіледі.

Суретшінің шығармашылығындағы негізгі бағыттар — пуантилизм мен экспрессионизм, экспрессивті реализм, коллаж және аралас техника. Кескіндеме көрмесі әртүрлі бейнелеу техникасында және коллаж тәсілінде орындалған 26 туындыдан тұрады. Бұл — әр жылдары жасалған жинақ. Көрермендер көрмеден ерекше әсер алғандарын жеткізді.

Айта кетейік, көрме аясындағы туындыларды көрермендер бір ай бойы тамашалай алады. Бұл — жергілікті заманауи өнермен жақын танысуға және суретшінің шығармашылық әлеміне терең үңілуге мүмкіндік береді.