Гидрологтардың мәліметінше, бір тәулік ішінде Есіл өзенінің деңгейі Покровка ауылының маңында 13 сантиметрге, ал Петропавл қаласында 32 сантиметрге көтерілген. Ал Гусаковка ауылындағы Бабықбұрлық өзенінде, керісінше, су деңгейі 7 сантиметрге төмендеді. Сергеев су қоймасындағы судың бөгеттен асу деңгейі қазіргі уақытта 71 сантиметрді құрайды.