Петропавлда ҚР Парламенті Сенаты, Шахмат федерациясы және облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен «Senat Open» шахмат кубогының іріктеу кезеңі өтті. Кеше денсаулық пен мәдениет саласының қызметкерлері бақ сынаса, бүгін зияткерлік дода БАҚ өкілдері мен білім беру қызметкерлері арасында жалғасты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар мамыр айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.
Жарыс ФИДЕ ережесіне сай өтті. Уақыт бақылауы - 10 минут, оған қоса әр жүріс үшін 5 секунд қосылады. Бұл қатысушылардан жылдамдық пен зеректікті талап етеді. Додаға түсішулердің арасында шахматты бір жылдан бері серік еткен журналист-ұстаз Гүлгүл Төлешова да бар.
ГҮЛГҮЛ ТӨЛЕШОВА, ЖУРНАЛИСТ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Зияткерлік додада бақ сынаушылардың қатарында білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандар да бар. Олар күнделікті дәріс берумен шектелмей, шахмат тақтасында да жоғары дайындық пен терең стратегиялық ойлау қабілетін танытты.
ЖАНДОС ИПОВ, № 29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан салалық ұйымдар арасындағы шахмат жарысына 60-қа жуық адам қатысты. Жеңімпаздарға медаль, грамота мен сыйлықтар беріліп, облыс атынан республикалық турнирге жолдама берілді.