Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуді көздейді. Негізгі басымдық – тегін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Петропавл қалалық №2 емханасы 63 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетіп, қазіргі таңда 4 филиал арқылы медициналық көмек ұсынады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әр азаматтың денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алу құқығына кепіл береді. Бұрын 6 филиалдан тұрған Петропавл қалалық №2 емханасы оңтайландыру мақсатында енді 4 филиалмен жұмыс істейді.
НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, «№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА» ШЖҚ КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Алдағы уақытта әкімшілік құрам «Береке» емханасына көшіріледі. Ал Васильев көшесі, 123 мекенжайында босаған кабинеттерде дәрігерлер мен тар бейінді мамандардың қабылдауы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мекеме басшысы кадр тапшылығын шешу жолдары туралы да айтты.
НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, «№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА» ШЖҚ КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Мекеменің басты мақсаты – медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру. Жоспарда – медициналық құрал-жабдықтарды жаңарту және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.