Облыс орталығында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы мен «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру аясында «Ұрлыққа тосқауыл қой, мүлкіңді қорға!» акциясы өткізілді. Іс-шара облыстың барлық аумағын қамтыды. Акцияға прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында тұрғындарға жеке мүлік ұрлығының алдын алу шаралары, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ ұялы телефондарды, қаражат мен банк карталарын сақтау жолдары айтылып, 8 мыңнан астам ақпараттық нұсқаулықтар таратылды.

СНХР: КЕНЕСАРЫ МҰХАМЕТЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Акцияға жастар мен еріктілер де белсенді қатысты. Олар құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын жеткізді. Сондай-ақ, «Қауіпсіз қала» акциясы аясындағы рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде бірлесіп ұйымдастыратындарын атап өтті.

СНХР: БАЙЖАН ӘБДІРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ КОНСУЛЬТАНТЫ

Профилактикалық түсіндіру жұмыстары қаладағы ірі сауда орындарында және халық көп шоғырланған көшелерде жүргізілді. Конституция көшесі бойында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, ұрлық жасау жағдайында қарастырылатын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

СНХР: НИНА БАДЕР, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң талаптарын сақтау – қоғамдық қауіпсіздіктің басты кепілі. Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.