Облыстық психикалық денсаулық орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету мәселелері талқыланған арнайы кеңес өтті. Бұл жиынға денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары қатысты. Олар балаларға сапалы көмек көрсету үшін бірлесе жұмыс істеудің жолдарын қарастырды. Негізгі мақсат – әр балаға дер кезінде, үздіксіз және тиімді көмек көрсету үшін мамандар арасындағы байланысты күшейту.
Іс-шара аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды қолдау айлығы аясында ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты - бала мен оның отбасына кешенді көмек көрсету жүйесін қалыптастыру. Әңгіме баланы ерте анықтаудан бастап, білім беру бағытын құру және әлеуметтік қолдау көрсетуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын сүйемелдеу туралы болды.
СНХР: ИРИНА ЯКИМОВА, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ
Кеңес барысында баланың қажетті көмектен тыс қалып қоюы мүмкін кезеңдер анықталды. Мамандар осындай қауіпті сәттерді атап өтіп, олардың алдын алу үшін нақты ұсыныстарын ұсынды.
СНХ: ЕВГЕНИЙ СОЛОВЬЕВ, «ZANGER» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЗАҢ КЕҢЕСШІЛЕРІ ПАЛАТАСЫНЫҢ ЗАҢ КЕҢЕСШІСІ
Қатысушылардың айтуынша, түрлі мекемелер арасындағы тығыз байланыс өте маңызды. Өйткені дәл осы өзара үйлесімді жұмыс мамандардың әрекетін бірізді етіп, балаға көрсетілетін көмектің сапасын арттырады.