Петропавлда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында рейідтік іс-шаралар өтіп жатыр. 7-8 сәуір аралығында 40-тан астам жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегі анықталды.
7 сәуір күні кешкі уақытта Жұмабаев көшесінде, университеттің 6-шы корпусының қарсы жағында уақытша жол белгілері орнатылды. Бұл жүргізушілердің назарын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл.
СНХР: МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ — СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Үш айда Солтүстік Қазақстан облысында 100 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 69-ы Петропавл қаласында болған, салдарынан 95 адам зардап шекті. Жол апаттарының басым бөлігі яғни 67 дерек қиылыстардан өту қағидаларын бұзудан орын алған. Сонымен қатар қалада қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының экипаждары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары «Қорғау» мобильді қосымшасын, жедел басқару орталығының бейнебақылауын, дрондарды және жасырын патрульдеуді белсенді қолданды. Қаладан шығатын бағыттарда жүк көліктері тексерілді.
СНХР: АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ — СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ /
Сағат 19:00-ден 00:00-ге дейін тәртіп сақшылары мас күйде көлік басқарған жүргізушінің жолын кесіп, маневр жасау қағидаларын бұзуға байланысты 3 апатты жағдайдың алдын алды. Жалпы, 40-тан астам жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегі анықталды. Заңсыз қайта жабдықталған бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жұмыс 7–8 сәуір аралығында республика бойынша өткізілген ауқымды рейдтік іс-шаралар шеңберінде, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.