Өткен тәулікте Покровка ауылы маңындағы Есіл өзенінің су деңгейі 82 см-ге көтерілді. Долматово елді мекенінде бұл көрсеткіш 68 см-ге, ал Ольшанкада 65 см-ге артқан. Ал Тоқсан би ауылы маңында керісінше, су деңгейі 46 см-ге төмендеген. Шопты көл ауылы тұсында да 62 см-ге азайғаны байқалады. Вазвышенка ауылы маңындағы Аққанбұрлық өзенінде су 46 см-ге кеміген. Сондай-ақ Сергеевка су қоймасындағы деңгей 13 см-ге төмендеді. «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының деректеріне сәйкес, 6–8 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейі әрі қарай көтеріледі деп күтіледі.