Петропавлда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа Солтүстік Қазақстан облысының аудан-қалаларынан іріктелген педагогтер қатысуда.
Байқау алғаш рет өңірде осындай форматта ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың ерекшелігі – оның командалық форматта өтуі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай олимпиада педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, математика пәнін оқытудағы заманауи әдістерді дамытуға мүмкіндік береді.
СНХР: БАХЫТ ҒАБДУЛЛИНА - «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сайыс төрт кезеңнен тұрады. Қатысушыларға жалпы 70 минут уақыт берілген. Әр турдың күрделілігі артып отырады, ал тапсырмалар арнайы бағалау критерийлері бойынша тексеріледі. Жалпы 12 тапсырма орындалып, ең жоғары нәтиже 90 баллмен есептеледі.
СНХР: СӘУЛЕ НАГУМАНОВА – ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Ал барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.