Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай «Чернобыль апаты: адамзаттың қайғылы сабағы» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға СҚО мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен басқарма мүшелері арнайы шақырылып, тарихи жадыны сақтау, жас ұрпақтың жауапкершілігі мен батылдығын қалыптастыру және ядролық қауіпсіздік сабақтары талқыланды.

Іс-шараға ардагерлер, колледж студенттері және қоғам өкілдері қатысты. Чернобыль апаты – бұл әртүрлі республикалардың, түрлі тағдырларды біріктірген ірі тарихи оқиға. Айта кетейік, жалпы, құтқару миссиясына Қазақстаннан 32 мыңнан астам адам, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысынан 4500 адам қатысып, апат зардаптарын жоюға атсалысқан.

СНХР: АҚАТЖАН АРЫҚОВ, «ЧЕРНОБЫЛЬ ОДАҒЫ» СҚО МҚБ ТӨРАҒАСЫ

Қатысушылардың назарына апатқа қатысты деректі фильм ұсынылды. Сонымен қатар, тарихи оқиғаның куәгерлері де өз естеліктерімен бөлісті. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында Юрий Глумов та бар. Ол 1986 жылы небәрі 21 жасында Чернобыль апатының салдарын жою жұмыстарына қатысып, офицер ретінде радиациялық деректерді жинау мен өңдеуге белсене атсалысқан.

СНХР: ЮРИЙ ГЛУМОВ, «ЧЕРНОБЫЛЬ ОДАҒЫ» СҚО МҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Диалог алаңында Чернобыль апатының тарихи маңызы мен жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні көрсетілді. Мұндай кездесулер жастарға тарих жадындағы оқиғаларды есте сақтауға және білімін арттыруға бағытталған.