Қызылжар ауданының Знаменское ауылында еркін күрестен ашық аудандық турнир өтті. Жарыс Солтүстік Қазақстан облысының түрлі аудандарынан келген спортшылардың басын қосып, ауыл спортының дамуына серпін берген маңызды іс-шараға айналды.
Совхоз орта мектебіндегі еркін күрес секциясы 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мұнда ондаған спортшы дайындалып, спорт алаңы жыл сайынғы аудандық турнирлер өтетін орынға айналған.
БӘТИМА БЕЙСЕНБАЕВА – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ, ЗНАМЕНСКОЕ АУЫЛЫ, СОВХОЗ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
МЕЙРАМ ХАМЗИН - «ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» КММ ЖЕТЕКШІСІ
Турнирге 2013-2015 жылар аралығында туған ұлдар мен қыздар қатысуда. «Шағала-Агро» ЖШС жүлдесіне арналған жарысқа Қызылжар ауданының Подгорное ауылынан келген Айсана Асқар да қатысып жатыр. Жас спортшы үшін бұл алғашқы турнир емес – екі жыл ішінде ол бірнеше мәрте жүлдегер атанған. Биыл еркін күрестен Қазақстан Чемпионатына қатысып, жүлделі 3 орынды иеленген. Ал бүгінгі турнирде 32 келі салмақ дәрежесінде 1 ші орынды қанжығасына байлады.
АЙСАНА АСҚАР – ЕРКІН КҮРЕСТЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР
Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.