Петропавл қаласында халықаралық талаптарға сай дзюдо залы салынбақ. Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысының Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде өңірдің жетекші спортшылары мен инвесторлардың кездесуі өтті. Аталған іс-шара өңірдегі спорттық инфрақұрылымды дамыту және жас таланттарды қолдаудағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

Кездесуде құрметті қонақтар қатарында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат жетекшісі Руслан Әлішев, облыстық дзюдо және самбо федерациясының президенті, Петропавл қаласының прокуроры және «Harvest Group» ЖШС директоры Дәулет Увашев болды.

СНХ: ДАУЛЕТ УВАШЕВ, «HARVEST GROUP» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

СНХ: ДӘУРЕН НҰРҒОЖИН, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЗЮДО ЖӘНЕ САМБО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Кездесу барысында жобаның жүзеге асырылу барысы, оның дзюдоны дамытудағы маңызы және спортшылардың жаттығу процесіне қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, іс-шарада өңірдің 30 спортшысына кимоно сыйға тартылды. Олардың қатарында 17 жастағы Дәурен Мәліков бар. 

СНХ: ДӘУРЕН МӘЛІКОВ, СПОРТШЫ

Бұл кездесу спорт саласы мен бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, өңірде дзюдоның дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде. Айта кетейік, биыл желтоқсан айында Петропавл қаласында алғаш рет жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді деп жоспарланып отыр.