2018 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында мемлекет қолдауымен құрылған Су ғылыми-технология орталығы серіктестігі бүгінде бірегей экологиялық және инновациялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Ғалымдардың жұмыс аясы жыл сайын кеңейіп, орталық тек облыс көлемінде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша маңызды бастамаларды қолға алуда. Солардың ішінде негізгі жобаның бірі отандық Хлорелла микробалдырлары штаммын әзірлеу. Бұл микроағза ағынды суларды аз уақыт ішінде және ең төмен шығынмен тазартуға мүмкіндік береді.
Облыс орталығы тұрғындарын біраз жыл бойы мазалаған күкіртсутек иісі көпшілік үшін нағыз түйткілді мәселе еді. Петропавл қаласының тұрғындары бұл мәселе бойынша түрлі мекемелерге бірнеше рет шағымданған болатын. Енді, міне, солтүстікқазақстандық ғалымдардың ғылыми шешімдерінің арқасында қолқа қабар иісті жоюға бағытталған жоба қолға алынды. Бұл технология қымбат құрылыс пен энергия шығынын талап етпейді және қазір Петропавл, Шымкент, Қостанай және Алматы қалаларының су арналарында сәтті қолданылады. Хлорелла өндірісі 4 фитобиореактор арқылы жүргізіледі. Университет қабырғасында арнайы зертхана жұмыс істейді.
СНХР: АННА ХАЙБУЛЛИНА, СУ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ
Химия ғылымдарының кандидаты, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті Ирина Голодова ғылымда бірнеше онжылдық тәжірибесі бар. Ол халықаралық стартап жобасына алғашқы күннен бастап қатысып, хлорелланың өсу процесін күнделікті бақылап отырады.
СНХР: ИРИНА ГОЛОДОВА, СУ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ДИРЕКТОРЫ
Жоба ұлттық және еуразиялық патенттермен қорғалған. Технология Мемлекет басшысының жоғары бағасын алып, Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Халықаралық конкурсында үшінші орынға ие болды.
СНХР: НИКОЛАЙ ВАСИЛЬЕВ, СУ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
Осы технологияның негізінде парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған климаттық жобалар жүзеге асырылып келеді. Мысалы, «Қызылжар Су» жыл сайын 50 мыңнан астам көміртек бірлігін генерациялайды, ал республика бойынша бұл көрсеткіш 200 мыңға жуық. Бұл ел экологиясына қосылған үлкен үлес.
СНХР: АЛЕКСАНДР РЕЙБАНДТ, СУ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде ғылыми-технологиялық орталықтың өндірістік қуаты мен ғылыми әлеуеті жобаны ондаған су арналарында және фермерлік шаруашылықтарда жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Инновациялық шешімдер экологиялық және коммуналдық түйткілдерді шешіп қана қоймай, Қазақстанның Париж келісімі аясындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға үлкен серпін беруде.