Бүгін республика бойынша жалпы қазақстандық ашық тәрбие сабақтары өтті. Іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып, Дүниежүзілік денсаулық күні аясында ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы негізінде өткен ашық сынып сағаттарында оқушыларға денсаулықтың маңызы түсіндірілді.
Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектепте өткен ашық сабақ барысында салауатты өмір салтының маңыздылығы және ерте жастан пайдалы әдеттерді қалыптастыру туралы айтылды. Сабақ барысында жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану және белсенді өмір салтын ұстану мәселелері кеңінен қамтылды. Сонымен қатар, спортпен шұғылданудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
СНХ: ДАНИЛ ДИЗЕНДРОФ, С. СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Әр сынып жетекшісі өз оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары белсенділікке басымдық беріп, спорт пен салауатты өмір салтының артықшылықтары туралы ой бөлісті. Сондай-ақ мектепте түрлі спорттық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істеп, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасалып отыр.
СНХ: ӘСЕЛ ЕРЕЖЕПОВА, С. СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Ұстаздардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.