Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылдың сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Мамандардың айтуынша, айдың орташа температурасы +5+7°С шамасында болады деп күтіледі. Бұл көпжылдық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары. Сонымен қатар сәуір айында жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі жиі байқалмақ.
Айдың бірінші онкүндігінің соңында циклон әсерінен облыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Температура түнде 2–7°С жылылықтан 3°С аязға дейін төмендесе, күндіз 13–18°С жылы болады. Екінші онкүндікте ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, түнде 3–8°С, күндіз 17–22°С жылы болуы күтіледі.
Снх: ӘСЕМГҮЛ АЙТУАРОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ