Петропавлда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының алаңында өңірдің денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараны Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері «Медицина саласының проблемаларын шешудің перспективалары мен жолдары» тақырыбында ұйымдастырды.

Жиын барысында қатысушылар әлеуметтік маңызы бар ауру – туберкулезді талқылап, мамандар оны анықтау әдістері мен статистиканы түсіндірді. Сонымен қатар, медицинаға жаңа технологияларды енгізу - денсаулық мәселелерін шешуді жеделдететіні айтылды. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" қорының өкілі Талғатбек Тілеубердин міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңындағы өзгерістерді түсіндірді.

СНХР: ТАЛҒАТБЕК ТІЛЕУБЕРДИН - "ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ" СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ