№2 Арнайы мектеп-интернатта «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама балалардың әлеуметтік бейімделуіне, өмірлік дағдыларды меңгеруіне және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.

Білім ордасында бұл бағыттағы жұмыстар оқу және тәрбие процесімен тығыз ұштасқан. Басты мақсат – оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа баулу және қоғамда өз орнын таба алатын тұлға қалыптастыру. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін бұл бағдарлама олардың әлеуметтік бейімделуіне және өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған.

СНХР: АНАР НҰРҒОЖИНА – №2 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Сонымен қатар, сынып сағаттары барысында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға да басымдық беріледі. Мұғалімдер дұрыс тамақтану, пайдалы және зиянды өнімдер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

СНХР: АЙГҮЛ АРАНҒАЗИНОВА – №2 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДЕФЕКТОЛОГЫ

Жүргізіліп жатқан жұмыстар балалардың белсенділігін арттырып, күнделікті өмірде қажетті дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беруде.