Петропавлдағы «Прогресс» тігін фабрикасы өңірдегі ең көне кәсіпорындардың бірі. Ол 1947 жылы құрылған. Осы уақытқа дейін шағын өндірістен аймаққа танымал тігін фабрикасына дейінгі ұзақ жолдан өтті. Бүгінде кәсіпорын қалай дамып жатыр?
Қазір фабрика арнайы киімдер, формалы киімдер және түрлі салаларға арналған тоқыма өнімдерін тігумен айналысады. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, кәсіпорын тұрақты түрде дамуын жалғастырып келеді.
СНХ: ӘСЕТ НОҒАЙБАЕВ, ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Фабрика - бұл тек өндіріс орны ғана емес, өз ісіне адал мамандар еңбек ететін кәсіби орта. Дәл осы мамандардың еңбегі арқылы кәсіпорын болашаққа сеніммен қарайды. Тігінші болу ең алдымен жүрек қалауынан туатын мамандық. Бақытжан Қожакиева мұнда төрт жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өз ісінің нағыз хас шеберіне айналған. Оның айтуынша, тігінші жұмысының негізі ұқыптылық, сабыр және ісіне деген сүйіспеншілік.
СНХР: БАҚЫТЖАН ҚОЖАКИЕВА, ТІГІНШІ
Уақыттың түрлі сын-қатерлеріне қарамастан, фабрика алға басуын жалғастырып, көпжылдық тәжірибені заманауи өндірістік тәсілдермен ұштастырып келеді.