Хабарламаға алаңдасаң – тек қауіпсіздігіңді ғана емес, қалтаңды да қатерге тігесің. Қазақстанда рөлде отырып ұялы телефон қолданатын жүргізушілер камералардың көмегімен анықталуда. Оның үстіне, бірден бірнеше құқықбұзушылық тіркеледі.
Рөлде отырып телефон қолданатын жүргізушілер камера арқылы анықталады. Жаңа мүмкіндіктер патрульдік қызмет үшін үлкен көмекке айналды. Бұрын мұндай заңбұзушылықтарды негізінен жол патрульдік инспекторлары тіркесе, енді оны техника да анықтайды. Камералар бірден бірнеше құқықбұзушылықты тіркей алады: телефон пайдалану, жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тақпауы, сондай-ақ жарық құралдарындағы ақаулар.
СНХР: РҮСТЕМ ТАСБОЛАТОВ – СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Бұрын жүргізушілер бұл тыйымды жиі елемесе, қазір айыппұл арқалау қаупі айтарлықтай артты. Ережелер тек автокөлік жүргізушілеріне ғана емес, мотоцикл жүргізушілеріне, сондай-ақ скутер, велосипед және самокат пайдаланушыларына да қатысты. Телефонды арнайы ұстағышқа бекітілген немесе hands-free, Bluetooth не дауыс арқылы басқару жүйесі қосылған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК, яғни 21 625 теңге. Қайталанған жағдайда сома екі есе артады.
СНХР: ҚАЙЫРЖАН ӘЛІМАНОВ – СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
2026 жылғы 12 наурыздан бастап Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер күшіне еніп, құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу мүмкіндігін кеңейтті.