Петропавлда алғаш рет шайбалы хоккейден қала әкімінің ашық кубогы өтті. Бірнеше матч бойы алты команда жеңіс үшін бақ сынады. Финалда Аққайың ауданының құрамасы мен петропавлдық «Легион» кездесіп, тартысты ойын көрсетті.
Кубок үшін тек Петропавл командалары ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан келген әуесқой ойыншылар да бақ сынады. Турнирге Аққайың, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарының хоккейшілері қатысты. Облыс орталығының намысын «Легион» мен «Авангард» қорғады. Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің құрамасы да өз шеберліктерін көрсетті.
СНХ: СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ – АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
Сүйікті командаларын қолдауға жанкүйерлер де көптеп келді. Трибунадағы қызу қолдау хоккейшілерге соңына дейін жақсы ойын өрнегін көрсетуге жігер берді.
Шешуші матч тартысқа толы өтті. Екі команда да финалға тыңғылықты дайындалғанын көрсетті. Дегенмен, Аққайың ауданының құрамасы қарсыласынан басым түсіп, петропавлдық «Легионды» 4:2 есебімен жеңді.
СНХ: АРТЕМ ЖОШКО – АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
Бірінші орынды Аққайың ауданы иеленді. Екінші орын «Легионға» бұйырса, қола жүлдені тағы бір петропавлдық команда – «Авангард» жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 250, 150 және 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.