Өткен тәулікте Покровка ауылы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 104 см көтерілді. Долматовада 68 см, Ольшанкада 66 см артқан. Ал Тоқсан би ауылы маңында 54 см төмендегені байқалады. Шопты көл ауылы маңында 53 см төмендеген. Вазвышенко ауылы маңындағы Аққанбұрлық өзенінде 54 см азайған. «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше 6-8 сәуір аралығында СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің одан әрі көтерілу күтіледі.