Өткен тәулікте Петропавл қаласы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 170 см көтерілді. Ольшанка ауылы маңында 125 см артқан. Покровка ауылында 98 см көтерілді. Ал Тоқсан би ауылы маңында 85 см төмендегені байқалады. Дружба ауылында 82 см азайған. Шопты көл ауылы маңында 75 см төмендеген. «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше мәліметінше 6-8 сәуір аралығында СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің одан әрі көтерілу күтіледі.