7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай қала мектептерінде «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өтіп жатыр. Негізгі мақсат – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған сабақтардың бірі – 4 «Ә» сыныбында өтті. Мұнда 17 оқушы білім алады. Сынып жетекшісі – Ардақ Мәжітқызы Елжасова. Бұл күні оқушыларға «Табиғат аясындағы демалысқа қалай дайындалу керек?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Балалар табиғаттағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренді.

СНХР: АРДАҚ ЕЛЖАСОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Ал 10 «А» сыныбында «Үйдегі қауіпсіздік» тақырыбында өтті. Сабақ барысында оқушыларға тұрмыстық қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, электр құралдарын дұрыс пайдалану, өткір заттардан сақтану, газ және тұрмыстық техникаларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік, сондай-ақ өрттің алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар түрлі өмірлік жағдайларды талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Снхр: НАРГИЗ БАУЫРЖАНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Дүниежүзілік денсаулық күні аясында өткен бұл сабақтар оқушылар үшін пайдалы әрі танымды болды. Олар қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтаудың маңызын түсініп, салауатты өмір салтына тағы бір қадам жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қауіпсіздік дағдыларын ерте жастан қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.