Петропавлдағы көпқабатты тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған «Градус комфорта» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бастама аясында Театральная көшесі, 47-үйдің тұрғындары «GROW KZ» қоғамдық қорымен және мүлік иелері бірлестігімен бірлесіп, кіреберістерді жаңғырту үстінде. Бұл өзгерістердің тұрғындар үшін қандай пайдасы бар?

Наурыз айының ортасынан бері Театральная 47 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ескі есік блоктары алынып, олардың орнына өздігінен жабылатын механизмдері бар заманауи есіктер орнатылды. Мұндай есіктер жел өткізбей нысандағы жылуды сақтауға көмектеседі. Нәтижесінде кіреберістердегі температура 3–5 градусқа көтеріледі деп күтілуде, бұл үйдің жалпы жылу жүйесіне түсетін жүктемені төмендетеді.

СНХР: СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПИК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазіргі уақытта жоба еліміздің үш қаласында Алматы, Астана және Петропавлда жүзеге асырылуда. Петропавлдағы осы үйді жаңғыртуға шамамен 11 мың еуро бөлінген. Жалпы ENABLE бағдарламасының мақсаты тұрғын үйлерді модернизациялауды насихаттау және тұрғындардың өз үйіне жауапкершілігін арттыру.

СНХР: ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА, «GROW KZ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жоба аясындағы қаржыландырудан бөлек, тұрғындар да кіреберістерді жөндеуге өз қаражатын қосуда. Бұл көпқабатты үйді жайлы етуге бағытталған ортақ еңбек.

СНХР: ЛЮДМИЛА ШИЛКИНА, ТЕАТРАЛЬНАЯ К. 47 ҮЙІНІҢ МИБ ТӨРАЙЫМЫ

Жөндеу жұмыстары наурыздың ортасында басталған болатын. Мамндардың сөзінше сәуір айында аяқталады.