Облыс орталығында 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш алдында еске алу іс-шарасы өтті. Жиын барысында көпшілік ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сол бір қарулы қақтығыста мерт болған сарбаздардың рухына тағзым етті.

1995 жылдың 7 сәуірінде Тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында азаматтық соғыс кезінде Қазақстанның ішкі әскерлерінің 7-ші құрама ротасы қарулы шабуылға ұшыраған болатын. Бес сағатқа созылған ауыр шайқаста 33 жауынгер жараланып, 17 сарбаз қаза тапты.

СНХР: ШУХРАТ ӘШІМОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарға 2 мыңнан астам қазақстандық әскери қызметші қатысқан. Бүгінде сол кезеңнің куәгерлері ескерткіш алдына жиналып, майдан даласында қаза тапқан қарулас достарын еске алуды азаматтық борыш санайды. Солардың бірі – «Ардагерлер одағы » Республикалық қоғамдық бірлестігі СҚОФ-ның төрағасы Асқар Махметұлы Жәменов. Ол 1996 жылы Жаркент қаласындағы шекара қызметінде отан алдындағы борышын атқарып жүрген кезде, тәжік-ауған шекарасына жіберілген.

СНХР: АСҚАР ЖАМЕНОВ, «АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ

Іс-шараға 6637 әскери бөлімінің сарбаздары, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагерлер және мектеп оқушылары қатысты. Жиын барысында ерлік көрсеткен азаматтар марапатталып, оларға әскери бөлім командирінің және жергілікті ардагерлер одағының атынан медальдар мен алғыс хаттар табысталды.