Петропавл қаласында өңіраралық мәдени байланыстар нығаюда. Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шығармашылық әріптестіктің алғашқы қадамы ретінде гастрольдік сапар ұйымдастырылып, сахнада көрерменге кеңінен танымал «Любовь и голуби» қойылымы ұсынылды.

Сахна – өнерді тоғыстыратын орта. Солтүстік Қазақстан облыстық Николай Погодин атындағы орыс драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театры шығармашылық байланыс орнатты. Енді ұжымдар тұрақты түрде кездесіп, жылына кемінде екі-үш рет гастрольдік сапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мен бірлескен қойылымдар да қолға алынбақ.

СНХР: БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ – АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қонақтар солтүстікқазақстандық көрерменге Владимир Гуркиннің «Любовь и голуби» атты танымал пьесасын ұсынды. Сахна төрінде әртістер өз образдарын жоғары шеберлікпен шынайы сомдап шықты. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Басты кейіпкердің жары Надежда рөлін актриса Анна Бронникова сомдайды. Оның сахнадағы тәжірибесі – 25 жыл. Айтуынша, әр рөл – бір тағдыр.

Қойылым осы маусымда сахналанған. Петропавлдықтар үшін бұл – премьера. Көкшетауда аншлагпен өтіп жатқан спектакль мұнда да жылы қабылданды. Көпшілікке таныс оқиға сахнада жаңаша сипат алып, әр көрерменге жақын әсер сыйлайды.

СНХР: АННА БРОННИКОВА – АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ

Ақмола облыстық орыс драма театры 1977 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде құрамында жүзден астам қызметкер бар. Репертуарында ондаған қойылым бар, халықаралық фестивальдерде жүлделі орындарға ие болған. Жақын арада солтүстікқазақстандық әртістер де Көкшетауға гастрольдік сапармен бармақ.