Петропавл қаласында «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында «Қауіпсіздік белдігін тақ» акциясы өтіп жатыр. Қарапайым ғана талап - қауіпсіздік белдігін тағу жол-көлік оқиғасы кезінде адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Шара барысында волонтерлер мен полиция қызметкерлері қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция департаменті мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қауіпсіздік белдігін тағу қажеттігін түсіндірді. Олар бұл талаптың тек жүргізушілерге ғана емес, автокөліктегі жолаушыларға да қатысты екенін еске салды.

СНХ: САНАТ ЕМЕНАЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Акция халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және жол-көлік оқиғалары кезінде жарақат алу санын азайтуға бағытталған.

СНХ: АЙСЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Акция қаладағы адам көп жиналатын орындарда яғни, ірі көшелерде, сауда орталықтары мен базарларда ұйымдастырылып жатыр.