«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 26 см-ге көтерілген. Ал дегенмен кей өзендерде судың төмендегені байқалады. Айталық, Шоптыкөл ауылы маңындағы Есіл өзенінде 102 см азайған. Дружба ауылы маңындағы Есіл өзенінде 38 см, Гусаковка маңындағы Бабық Бұрлық өзенінде 34 см, Аққанбұрлық, Иманбұрлық өзендерінде 28 см төмендеген. Гидрологтардың мәліметінше 6-8 сәуір аралығында СҚО Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің одан әрі көтерілу күтіледі.