Өткен демалыс күні Петропавл қаласының тұрғындары жалпықалалық сенбілікке шықты. Ауқымды іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Табиғатқа жанашыр жандар аулалар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.


КСМ: Экологиялық акцияға әртүрлі салада қызмет ететін мамандар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, сенбілік барысында қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, шырша көшеттері отырғызылды.


СНХР: ӘЛИЯ ОМАРОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ӘКІМДІГІ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


КСМ: Экологиялық акция қаланың барлық аумағын қамтыды. Соның бірі – білім беру саласына бекітілген учаске. Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гүлбарам Ибраеваның айтуынша, мұндай шаралар қаланың көркеюіне ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да оң әсер етеді.


СНХР: ГҮЛБАРАМ ИБРАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


СНХР: БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА, САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ


КСМ: Осылайша жалпықалалық сенбілікке 8 мыңға жуық адам қатысып, 50-ге тарта арнайы техника жұмылдырылды. Ауқымды акция қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.