Петропавл қаласында өңірдің 36 оқушысы биология саласындағы білімдері мен ғылыми дағдыларын шыңдады. Облыстық «Биоквиз» байқауы оқушылар сарайында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шара. Жыл сайын өтетін сайыс жасөспірімдердің білім деңгейін анықтап, үздік қатысушыларды айқындауға мүмкіндік береді.
Биыл 18 команда қатысып, әрқайсысы өз білім ордасының намысын қорғады. Жас биологтар «Биология» пәні бойынша түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын арттырды.
СНХ: ЛАРИСА ВОРОБЬЕВА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Байқауға қатысушылардың бірі - Егор Иванов. Ол команда құрамында биологияның түрлі бөлімдері бойынша білімін дәлелдеді. Мектеп бағдарламасымен қатар, ғылыми жобалармен де айналысады.
СНХ: ЕГОР ИВАНОВ, ҚАТЫСУШЫ
Жыл сайын биология және жаратылыстану ғылымдары бойынша интерактивті зияткерлік ойынға қатысушылар саны артып келеді. Биылғы «Биоквиз» жеңімпаздары үш жүлделі орынды өзара бөлісті