Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы № 1 Новоишим орта мектебіде 3 сәуір күні, Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күнінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды. 26 оқушы арнайы форма киіп, құқық қорғау органдарындағы болашақ қызметке бағытталған оқуын бастады.


Салтанатты іс-шараға ата-аналар, ардагерлер, педагогтар және полиция қызметкерлері қатысты. СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин енді оқушылардың тәртіпті, жауапты болып, қосымша пәндерді меңгеруде белсенділік танытатынын атап өтті. Офицерлердің жетекшілігімен олар саптық дайындықты, атыс қаруын бөлшектеу және жинауды, құқықтық қызмет негіздерін, криминалистиканы, дене дайындығы мен өзін-өзі қорғауды меңгереді, сонымен қатар жалпы білім беру бағдарламасын да қатар игереді.


СНХ: Абылғазы Ғабдуллин — СҚО ПД бастығының орынбасары


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет ел болашағы білімді, жауапты әрі Отанға адал жастардың қолында екенін атап өтті) 01065


Іс-шарада қызметтегі полицейлердің ата-аналарына ерекше назар аударылды. Оқушылардың қошеметімен Сергей мен Юлия Афанасенко, Тимофей мен Галина Григорьевтер, Анар Көбжасарова, Райхан Күшекова, Олег пен Наталья Морозовтар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің ардагерлері, педагогтары мен қызметкерлері атап өтілді. Айтулы іс-шара облыстық полиция департаментінің мәдениет орталығы вокалдық тобының концерттік бағдарламасымен сүйемелденді. Новоишимдегі «Жас сақшы» сыныбы СҚО бойынша бесінші болып отыр. Мұндай үш сынып Петропавлда, біреуі Сергеевкада жұмыс істейді.


Ғазиз Байтасов 2011 жылы Тараз қаласында террористі ұстау кезінде ерлік көрсетіп, қылмыскерді залалсыздандырған сәтте граната жарылысынан қаза тапты. 2011 жылғы 5 желтоқсанда оған қайтыс болғаннан кейін «Қазақстанның Халық Қаһарманы» атағы берілді.